«Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС Қаламқас, Жетібай кенорныны жұмысшылары арасында «Салауатты сана» тақырыбында түсіндірме шарасы 2026 жылдың 23, 25 маусымында өтті. Өткізілген бұл шараның негізгі мақсаты – қоғамда және отбасыда орын алатын келеңсіз әлеуметтік кеселдердің түрлері және олардан арылу жолдары, жанұядағы тұрмыстық ахуал мен отбасылық басты құндылықтарды дамыту, жас буындар арасындағы лудомания кесапаты және оның алдын алу шаралары, жаңа өмірге құлшыныс кезеңдері туралы түсіндіре отырып, тұрмыстық- әлеуметтік кеселдерді болдырмаудың себептерін түсіндіру. Кездесуге арнайы спикерлер шақырылды:
1. Маханбет Жақсыгұл Шахзадақызы – облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары («Отбасы құндылықтары және қоғамдағы әлеуметтік кеселдердің алдын алу»);
2. Байтуякова Алия Акимбековна – облыстық психикалық әлеуметтік психология зерттеу бөлімінің меңгерушісі («Лудомания және тәуелді мінез-құлықтың психологиялық себептері»);
3. Өмірзақ Мерей Бекболатұлы – спикер («Тәуелділіктен жаңа өмірге – дұрыс таңдау құны»).